ДОУ-ДЖОНС ИНДЕКСІ

lat: DOÝ-DJONS INDEKSİ

АҚШ-тың ең үлкен компания топтарының акциялары бағамының орташа көрсеткіші. Доу-Джонс фирмасы басып шығаратындықтан солай аталады. Биржаның жабылу уақытында күн сайынғы баға кесілімінің орта арифметикалық көлемін көрсетеді.