— лат. доминанс деген сөзі, қаз. үстемдік ету деген мағынада. Өзекті қажеттілікпен немесе зейіннің үстемділігімен адамның миында жетекші орында болатын қозу ошағы. Мидың көршілес аумағындағы қозуларды тартумен күшеюге қабілеттілігі. Доминант— жүйке орталығының негізгі заңдылығының бірі. Қозған орталықтың басқа алаптағылардан да күшейіп кетуін үстемділік заңы деп атайды. Доминанта терминін және оның қасиетін AЛ. Ухтомский 1923 жылы ашып, ғылымға енгізген.