ДОНОР

lat: DONOR

донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (шәует, аналық клетка) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тіндер және (немесе) органдар (органдардың бөліктері) алынатын адам, адамның мәйіті, жануар («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі. 170 ҚРЗ 1-бап)