ДОРИКАЛЫҚ ОРДЕР

lat: DORIKALYQ ORDER

негізгі үш сәулет ордерінің бірі. Дорикалық ордер ұстынының негізі болмайды, діңі тік науашалармен каннелюрлармен ойылған; капителі дөңгелек жастықтан эхиннен және қалың төртбұрышты тақтадан абакадан тұрады. Антабалмент (сәнмаңдайша) архитрав, фриз және ернеуге бөлінеді; фриз көлденеңнен үшжолақты өрнек және өрнектасқа бөлінеді. Дорикалық ордер Ежелгі Грекияның дорийлік облыстарында храмдар мен құрылыстарды тастан салуға көшу кезеңінде қалыптасты (Грекияның өзінде және дорийлік колонияларында біздің дәуірімізге дейінгі 600 және 590-жылдары да кездеседі Керикирдегі Артемида храмы). Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырлардағы дорикалық ордердің монументалды композициялардың ең басты элементі және кейінгі архаика мен классика кезеңдері сәулет өнеріндегі көркем айқындықтың басты құралына айналды.