ДРАМА

lat: DRAMA

(грекше drama қимыл-әре кет)- сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл күйін көрсету арқылы баян дайтын әдеби шығармалар. Драма ға уақиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп барып тану айрықша тән қасиет. Драмалық шығармаларда кейіпкер өздерінің айтатын сөзі арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-әрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнел ен еді. Кейіпкердің, жеке қалып айтатын сөзі (монолог), бір-бірімен өзара сөйлесуі (диалог) бұлар оның, характерін, басқа адамдарға, өмірдегі әр түрлі жай-жағдайларға қатынасын, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Автордың уақиға барысын, кей іпкерлердің іс-әрекетін, мінез- құлқын, күй-жайын тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы. Біз болып жатқан, болып өткен уақиға-жағдайларды кейіпкерлердің айтуынан біліп, солардың көзімен қарт, кейіпкердің хал-жайын, сағыныш, қуаныш-қайғыға берілуінен, ойлау-сезінуінен байқаймыз. Сөйтіп, драмалық шығармада жеке адамның ойлану-сезінуін терең көрсететін лирикалық тәсіл мен тұтас бір шиеленіскең уақиғаны баян ететін эпикалық жанрға тән көркемдік тәсіл қабысып ұштасып жатады. Ахметов 3.