lat: DUǴA
(ар. дуға دعاء)
1. Құдайға жалбарыну, тілек тілеу.
Айтармын, иншалла, тағы оны, Мұхаммедке салауат, Сейітке дұға қылың енді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).
Қатынның сөзіменен дұға қылды, Дұғасын Хақ Тағала қабыл қылды («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).
2 . Бата беру.
Дұғашы – батагөй.
Мұсылманлар Абдулуаһапқа көп жылады, “Аһ, біздің дұғашымыз кетті!” десті («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық). 3. Намаз оқу‚ мінәжат ету.
4. Ауысп. Сиқырлау, жадылау.