ДҰРЫС

lat: DURYS

с ы н. 1. Тиісті ереже нормат сай, тура, бабымен.

Қойды дұрыс күтпегендіктен, шайырдың аздығынан немесе ауа- райының әсерінен қылшық құрғайды (М.Ермеков, Қазақст.).

Ал дене тәрбиесі сабағында оқушылардың жаттығулар орындағанда дем алысының дұрыста бірқалыпты болуын бақылаулары керек («Қазақст. мект.»).

Мұның өзі жүрек етінің жансыздануын дер кезінде біліп, дұрыс емдеудің өте қиын екенін көрсетеді (Б.Омарұлы, Жүрек. ауру.).

2. Орынды, ретті, заңды.

Мұндай пікірді біз кездесіп жүрген бірқатар объективті өмір жағдайлары негіздей түседі. Олардың қатарында айтатыным бір ведмоствода анықтау органы мен тергеудің біріктірілуі, соның нәтижесінде бөлімшелер басшыларының тергеуге нақты қысым жасауы жөніндегі көптеген деректердің орын алуы, заңдылықтың бүзылуы, құқықтық жағынан дұрыс емес процессуалдық шешімдердің қабылдануы («Егемен Қазақстан»).

Ашуын бір сапарға бай да тастар, Мүныңды қойып енді малың басқар. Ете бер дұрыс жүріп қызметің, Деме енді пәлен жерде той бар, ас бар. Қожаңыз рұқсат қылып бар демесе, Қыдырма шақырса да сойып қошқарердері Әбубәкір, Қазағым).

3. Қате емес, жөнді, жөні түзу.

Мына бір сәтті айта кеткен дұрыс қой деймін; бір концерт біткеннен кейін артистер бөлмесіне үш әйел келді (М.Мағауин, Ақша қар).

Алып туар енеден, Ат туады биеден, Сүрағаның дұрыс қой, Сынағаның мақұл ғой. Сіз деген сөзден, Меңлібай, Сен деген сөзім жақын ғой. Ежелден сенің ақынға Қүрдастығың батыл ғой (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).

Тәлімбаева менен инженер Досов жолдастардың көтерген сындары өте дұрыс (К.Оразалин, Ақ жазық).

Бұл қазақта ұғымы бар «заржақ» деген, Бүгін барлық ақындар зарлап өлең Жазып кетті, қарғайды әлдекімді, Болмай қойды ашуда «алды-арт» деген. Өлең - деген сезім ғой, жан күйі ғой, Бәлкім, ол да дұрыс па - ойлай берем (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

4. Артық, бәрінен жөн, жақсы.

Атақтың тіреуі - ар. Екісөзді болып, елеңдеп жүргеннен, бірсөзді болып мерт кеткен дұрыс (Б.Момышүлы, Москва.).

5. Әділ, тиесілі, сәйкес жолмен.

«Әкеме атамнан қалған үлесті дұрыс бермеді. Әлі күнге дейін әкем ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайтын кедей болып қалды», - дейді Болмас (Ә.Бектасов, Мәди).

Дұрыс бастар басшы жоқ

Әділетке шөлдетті.

Татуға өсек жүргізіп,

Бәленің отын өргізіп,

Қайран заман, аман бол,

Ер шөгіп, есер ер жетті (Дулат Бабатайүлы, Замана.).

2. д і н и. Оң, шариғатпен рұқсат етілген, күнә болмайтын.

Жақсы деп білгеніне қызықтырар, Сол жаққа ақындықтың күшін сұрар. Әрі ақын, әрі уағызшы пайғамбардай, Дұрыс, теріс істерді айтып тұрар (С.Торайғыров, Алаш ұраны).

Бәлкім, сен ол тарапта дамолласың, Ақиқатта я оңда, я солдасың, шын, дұрыс ғалымдардан болам десең, Сабыр қылу керек те бұл жолда сен (Ақмолла ақын, Шығ.).

7. Дәлме-дәл, тұп-тура.

Шынында да, егістік жерлер, малдарының есебі дұрыс алынбай келген-ді (Ш.Байбатшаев, Бел-белес.).

Қыздарға үлгі аларлық мақал-мәтелдерді білуді тапсырамын. Қыздар бұл тапсырманы біршама дұрыс орындады («Қазақст. мект.»).