lat: DURYS
м о д. Мақұлдау, құптау, растауды білдіретін сөз.
Дұрыс, - деп бала сөйледі, Атасына ойланып. Сөйлеген сайын өрледі, Көзінде бейне шам жанып (Ө.Тұрманжанов, Менің кітабым).
Дұрыс, дұрыс! Сөйту керек! - деді Қырым ұлының жолдастары (С.Сейфуллин, Шығ.).
Қызы жылдам сырмақ төсеп, төрге жастық тастады, Қоғамбайым жайласып ап, әңгімесін бастады: - Дұрыс, дұрыс, сізге жүдә үнар болар мына күй? Колхоздың да жайын бір кез ойлау керек, құдағи? (М.Шаханов, Ғасырлар.).