сын. 1. Тиісті ереже нормат сай, тура, бабымен. Қойды дұрыс күтпегендіктен, шайырдың аздығынан немесе ауа райының әсерінен қылшық құрғайды (М.Ермеков, Қазақст.). Ал дене тәрбиесі сабағында оқушылардың жаттығулар орындағанда дем алысының д ұ р ы с та бірқалыпты болуын бақылаулары керек («Қазақст. мект.»). Мұның өзі жүрек етінің жансыздануын дер кезінде біліп, д ұ р ы с емдеудің өте қиын екенін көрсетеді (Б.Омарұлы, Жүрек. ауру.). 2. Орынды, ретті, заңды. Мұндай пікірді біз кездесіп жүрген бірқатар объективті өмір жағдайлары негіздей түседі. Олардың қатарында айтатыным бір ведмоствода анықтау органы мен тергеудің біріктірілуі, соның нәтижесінде бөлімшелер басшыларының тергеуге нақты қысым жасауы жөніндегі көптеген деректердің орын алуы, заңдылықтың бүзылуы, қүқықтық жағынан д ұ р ы с емес процессуалдық шешімдердің қабылдануы («Егемен Қазақстан»). Ашуын бір сапарға бай да тастар, Мүныңды қойып енді малың басқар. Ете бер д ұ р ы с жүріп қызметің, Деме енді пәлен жерде той бар, ас бар. Қожаңыз рұқсат қылып бар демесе, Қыдырма шақырса да сойып қошқар (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 3. Қате емес, жөнді, жөні түзу. Мына бір сәтті айта кеткен д ұ р ы с қой деймін; бір концерт біткеннен кейін артистер бөлмесіне үш әйел келді (М.Мағауин, Ақша қар). Алып туар енеден, Ат туады биеден, Сүрағаның д ұ р ы с қой, Сынағаның мақұл ғой. Сіз деген сөзден, Меңлібай, Сен деген сөзім жақын ғой. Ежелден сенің ақынға Қүрдастығың батыл ғой (Бақтыбай ақын, Жел қобыз). Тәлімбаева менен инженер Досов жолдастардың көтерген сындары өте д ұ р ы с (К.Оразалин, Ақ жазық). Бұл қазақта үғымы бар «заржақ» деген, Бүгін барлық ақындар зарлап өлең Жазып кетті, қарғайды әлдекімді, Болмай қойды ашуда «алды-арт» деген. Өлең -деген сезім ғой, жан күйі ғой, Бәлкім, ол да д ц р ы с па -ойлай берем (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 4. Артық, бәрінен жөн, жақсы. Атақтың тіреуі -ар. Екісөзді болып, елеңдеп жүргеннен, бірсөзді болып мерт кеткен д ұ р ы с (Б.Момышүлы, Москва.). 5. Әділ, тиесілі, сәйкес жолмен. «Әкеме атамнан қалған үлесті д ұ р ы с бермеді. Әлі күнге дейін әкем ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайтын кедей болып қалды», -дейді Болмас (Ә.Бектасов, Мәди). Д ұ р ы с бастар басшы жоқ Әділетке шөлдетті. Татуға өсек жүргізіп, Бәленің отын өргізіп, Қайран заман, аман бол, Ер шөгіп, есер ер жетті (Дулат Бабатайүлы, Замана.). 2. діни. Оң, шаригатпен рұқсат етілген, күнә болмайтын. Жақсы деп білгеніне қызықтырар, Сол жаққа ақындықтың күшін сұрар. Әрі ақын, әрі уағызшы пайғамбардай, Д ұ р ы с, теріс істерді айтып тұрар (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Бәлкім, сен ол тарапта дамолласың, Ақиқатта я оңда, я солдасың, шын, д ұ р ы с ғалымдардан болам десең, Сабыр қылу керек те бұл жолда сен (Ақмолла ақын, Шығ.). 7. Дәлме-дәл, тұп-тура. Шынында да, егістік жерлер, малдарының есебі д ұ р ы с алынбай келген-ді (Ш.Байбатшаев, Бел-белес.). Қыздарға үлгі аларлық мақал-мәтелдерді білуді тапсырамын. Қыздар бұл тапсырманы біршама д ұ р ы с орындады («Қазақст. мект.»).