ДЫҢ

lat: DYŃ

әдетте далалық жерлерге тән, төбе басына тұрғызылған тас құрылыс. Негізінен айналаны шолу үшін, соғыс не ұрыс жағдайында бақылау жүргізу үшін пайдаланылды. Дыңның үлгісі ретінде қазіргі кезге дейін Торғай облысы Амангелді ауданының «Сарыторғай» ұжымшары аумағында сақталып келген «Екі дыңды» айтуға болады.