ДЫБЫР

lat: DYBYR

з а т. Дабыр-дыбыр еткен дыбыс, дүбір.

Сол сөзін айтып та болмады, сырттан дыбыр естілді (Ш.Құмарова, Қос шынар).

Малда дыбыс, көлде шу, желде ыңыл жоқ,

Маңайды манаурадым мүлде ұмтылып,

Судың сылдыр, тоғайдың дыбыры жоқ,

Басқаны қойдың әншім тақа құртып (І.Жансүгіров, Шығ.).

Ол жастайынан адамның дыбыры мен дыбысы шыққан жерден қашып үйренген жыртқыш (С.Тәнекеев, Қиян асу).