ДЫБЫС

lat: DYBYS

[анг. sound; нем. laut, klang, ton, фр. son]. Фонологтардың пікірлері бойынша, бұл атау дыбыс тілінің барлық элементтерін көрсетеді. Сөйлеу мүшелерінің қатысымен айтылып, естуге болатын ең кішкентай бөлшек дыбыс делінеді. Дыбыстар ерін қатысына қарай, жасалу орнына қарай, жасалу жолына, дауыс қатысына қарай бірнеше жікке бөлінеді. Қос ерінді дыбыс, альвеоляр дыбыс, бүйір дыбыстар, дауысты дыбыстар, ерін дыбыстары, шұғыл дыбыстар, қатақ дыбыстар, ерінді дауыстылар, ұяң дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.