зат. 1. Ауа толқыны арқылы құлаққа естілетін үн. Қора жақтан азын-аулақ қозы-лақтың тықыры, қойдың пысқырған д ы б ы с ы естіледі (Б.Бодаубаев, Желсіз түн.). Туғаннан кейін бала екі айдан аса-ақ д ы б ы с т ы анық білетін болады (Ш.Қожахметова, Ғалам.). 2. л и н г в. Сөйлер сөзді жік-жікке бөліп тұратын элемент, сөздің ең кішкене бөлшегі. Сөз ішіндегі не сөздер аралығындағы д ы б ы с т а р д ы ң айтылуына қарай ішінара жапсарласып жанасуын д ы б ы с т а р д ы ң үндесуі дейміз (Қазіргі қаз. тілі). Тілдегі сөздер – дыбыстардан жасалатынын айта келіп, д ы б ы с т а р сөздің ең кішкене бөлшектері, олар әрі қарай бөлінбейтінін еске түсіру керек («Қазақст. мект.»).