[анг. phonetic change, sound change; нем. laut wandel, lautwechsel, фр. affection, changement phonetique]. Тілдің даму процесінде дыбыстарда болатын түрлі өзгерістер туралы айтылатын кең ұғымдағы термин. Орыс тіл білімінде дыбыстық өзгерістер деп тарихи, синхроникалық өзгерістер де айтылады. Дыбыстар өзгеруінің тіл-тілде басты екі түрлі өзгеру жолдары бар. Бірі — комбинаторлық өзгеріс, мұны қазақша игерулі я бағынулы өзгеріс, екіншісі — спонтандық өзгеріс, мұны қазақша игерусіз, бағынышсыз өзгеріс десе де болады.