lat: DYRAÝ
з а т. э т н. Жуан тілінген таспадан өріліп жасалған өрімі жуан қамшы.
Қаратай дыраумен арқасынан тартып-тартып жібергенде молда қайқаңдап-ақ қалды (Қ.Исабаев, Өткелде).
Қабағы қату, киімі жүдеу,
Баяғы жігіт буыршын ауыз.
Қолында дырау бес өрме білеу! (Қ.Дәрібаев, Шиелі өзен).
Ал ішіне өзек салып, алақанын тоқыма өрімімен жалпақтап келтірген дойыр, дырау , бұзау тіс, дембел қамшылар ұрған жерін кесіп түседі (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).