lat: DYRAÝ
1. Үлкен, ірі, жуан.
Қолында титтей кетпен, дырау қасық,
Кейбіреу ұлы еңбектен жүр-ау қашып!
Осыны көрген кезде Аяз ойдан,
Кетеді көкіректі қырау басып (Қ.Мырзалиев, Көш).
Федоров совхозының кәрі-жасы, орыс-қазағы тегіс білетін. Жасы он алтыға жаңа ғана иек артқанымен дырау тұлғасына, қайраттығына, шаруа жайын білетіндігіне сүйсінетін (Дала қырандары).
2. Мықты, зор, дөкей, ығай мен сығай .
Кілең қаракөл бөрікті, былғары тонды, аяқтарында дәу саптама етіктері бар дырау адамдар жапырыла жол беріп, қол алып жатты (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.).
Төмен тұтып талайды,
Өзін дырау санайды.
Айналасын ішіп-жеп,
Әркімге көз қадайды (А.Сұлтанов, Кең дала).
Жақсымбет, Шомбал, Балқы би - Көңілдінің бәрі бар. Ортаға келген билікті біріне-бірі қимады, Бір қазанға сыймады, Бәрі дырау, бәрі нар (Ы.Шөреков, Исатай-Махамбет).
3. а у ы с. Атақты, даңқты, бір деген, дәрежесі жоғары.
Ағамыз соғысқа дейін бір облыстың дырау қызметкері болыпты (Қ.Сатыбалдин, Ақмарал).
Бұрын көзге түспеген, өздерін жөндеп ешкім білмеген біреулер нағыз дырау белсенді боп, бетке шыға келеді (Т.Ахтанов, Боран).
Бастығымыздың оған қарсы түк айта алмай, мойындай беретінін көріп, бастықтан гөрі бухгалтер дырау болар дейміз (Ғ.Мүсірепов, Қазақ солдаты).