з а т е с і м. 1. Келіспеушіліктен, қарсы болудан туатын егес, керіс, жанжал. Ырыс баққан д а у бақпас (Мақал-мәтел). 2. э т н. Ру ақсақалдарының, бидің алдында шешімін табатын талас-тартысқа түскен мәселе. Қазақта ер құнынан, жесір дауы, жер д а у ы н а н үлкен ештеме жоқ (Ғ.Мұстафин, Дауыл). Жансары тұқымы тырп ете алмай, д а у ғ а жиналған 40-50 кісіні күні-түні етке жықты да жатты (С.Мұқанов, Ботагөз). Аспаһани қылышты жасытып фәлші бор еттің. Жамал қыздың д а у деп, Саумалкөл басын топ еттің (М.Дулатов, Шығ.).