lat: Daý-damaı, daý-dańǵaza, daý-janjal, daý-shar, daý-talas, aıtys-tartys, talas-tartys, úrys-keris
Әр алуан жанжал, реніш, айтыс, келіспеушілік.
Жұрт дау-дамайын шешу үшін үнемі соған келіп жүгінеді екен («Қазақстан әйелдері»).
Дау-даңғаза салып, жылқымды айдап алды, - деді бірeyici (Н. Әбуталиев).
Шиеленіскен дау-жанжал Абайдың өз басына да үлкен қауіп төндірді (X. Сүйіншалиев).
Ел арасының дау-шары, алыс- жұлысы былай тұрсын, үй ішінің шаруасына да көп араласпайды ол (З.Ақышев).
Бірталай жерге кеп қалған егде тартқан жасым бар, дау-таласқа көп салған пicіп қатқан басым бар (Ә.Қасенов).
Толқын келін түсіру көзінде болған қым-киғаш айтыс-тартыстан толық хабардар (Ә.Қанахин).
Мұғалімдер әңгімесі ұзаққа созылып, талас-тартыс көп болған (С. Омаров).
Үй ішіндегі үлкен кісілердің арасында балалардың көзінше ұрыс-керіс, айғай- шу, қатты сөз болмауы керек («Мәдениет және тұрмыс»).