с ы н е с і м. 1. Дауға, таласқа түскен. Д а у л ы мал ебін тапқан шешендікі, Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі (С.Дөнентаев, Шығ.). Бейсен диплом жұмысының тақырыбы етіп Нұрпейістің осы д а у л ы операсын қалап алған еді (О.Сәрсенбаев, Сағым). 2. Екіұшты, талас, шешімін таппаған. Д а у л ы, теріс қолданып жүрген сөздер көп. Емле де, оқу кітаптары да д а у л ы (С.Сейфуллин, Шығ.). 3. Дауы, таласы бар; ұрыс-керісті, жанжалды. Д а у л ы екпініне, ашулы сөзіне қарағанда Айранбаймен өштескен, кезі келгенде өшін алайын деген адамның түрі бар (Б.Майлин, Шығ.). Д а у л ы болғандықтан да Тоқмырза Ізетовтің арызын қарауды созылып кетер деп ең соңына жобалаған (М.Қаназов, Арна). Д а у л ы үйде бас ауруы көп болар, даусыз үйдің торғайы да тоқ болар (Қ.Әміров, Қызыл гүл.). // Дау қуып жүрген адамдар. Тоғыз-оннан топталып, қоралай отырып, келелі сөздерін сөйлесіп жатқан д а у л ы л а р (М.Әуезов, Шығ). Адам жақсы болмайды ғой қаулыдан. Ат-тонымды ала қаштың д а у л ы д а н. Бауырмалдық, жанашырлық мінезге Жетімдік пен жоқтық мені баулыған (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).