Талас тудырып жүрген жай, жағдай. Қарау керек, Жәке деді ол, - бұл бұрын қаралмаған д а у л ы м ә с е л е (Ғ.Мұстафин, Миллионер). Организмде қанның қалай пайда болатыны көп жылдан бері шешілмей келе жатқан д а у л ы м ә с е л е л е р д і ң бірі болатын (А.Дайров, Хирург.). Есіңде болса, біз алда да талай д а у л ы м ә с е л е л е р күтіп тұр. Оны қазірден бастап біліп қойғайсың (Т.Шаханов, Жоғалған.). Біздің арғы атамыз жұрты құрметтеген, қадірменді жан болыпты. Ол кісі үнемі ел арасындағы д а у л ы і с т е р г е билік айтады екен (Б.Шаханов. Ғашық.).