з а т е с і м. 1. Шаңдатып, борандатып, алай-түлей қып, қатты соғатын жел. Енді дәл түс кезінде бұзыла бастаған күн райы қазір оп-оңай құтыра соққан алай-түлей д а у ы л ғ а айналды (М.Әуезов, Өскен өркен). Киізі бүтін үйлер д а у ы л д а тез құлайды да, киізі жыртықтардың көбі тулай желпеңдегенмен, құламай қалып қояды (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). 2. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Ауыртпалық, қиыншылық. Сүйсең сен егерде күн нұрын, Сондай сүй еліңді бауырым. Көтергіш көне бол күн сайын, Өмірдің д а у ы л ы н, жауынын (А.Лекеров, Өмір оты). Аңыздардан тере жүріп масақты, Рас, рас, көзімізден жас ақты. Бірақ сол бір д а у ы л жылдар, от жылдар, Бәрімізден бір-бір батыр жасапты (М.Мақатаев, Қарлығаш.). // а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Асқақ, екпінді. Даңқың қайда төске өрлеген? Екі жүз мың әскерменен Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау Ойы д а у ы л, Сезімі - аспан, Тек жеңіспен көзін ашқан Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба, Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда деп Шыңғысхан Шағатайға оқты көзін қадады (М.Шаханов, Ғасырлар.).