Дауылда

lat: Daýylda

е т і с т і к. 1. Оттың лаулап жануы. Қолымда майсыз жанған бір отым бар, Түтінсіз аспан көкті жалындайды. Сөндіріп сол жалынды бермесеңіз, Қаудан жердің өртіндей д а у ы л д а й д ы (Ақан сері, Шығ.). Көп кешікпей жылтыраған отқа жақындады. От әр жерде д а у ы л д а п жанып жатыр. Оттардың қасында қостар, ереуілдеген адамдар (С.Мұқанов, Ботагөз). Сұңқар емес, қарғамын. Қор болып жауға исем бас. Онанда артық жанғаным, д а у ы л д а жалын, қойныңды аш (С.Бегалин, Өлеңд.). 2. Құстың зуылдап ұшуы. Қаздардың д а у ы л д а п ұшқан қызығына таңдана қарап келе жатқанда, Сәтжан құсының сып етіп қолынан ағып шығып кеткенін бір-ақ білді (С.Бегалин, Уақыт.). Ұшқан құсша д а у ы л д а п, Тау жағалай бөктерлеп, Қалды орман, кең дала Қолын бұлғап «қош бол деп (С.Машақов, Жылдарым.). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Беті дуылдап қызару. Ақ құба өңге қан ойнап, д а у ы л д а п беті тұр жанып. Қарар ма, шіркін, абайлап, Есіктен сонау бір барып (Ғ.Қайырбеков, Таулар.). Қазір сол сәт есіне түскенде, Қайрақ бір түрлі ұяттан беті д а у ы л д а й бастайды, өзінен-өзі қысылып, ыңғайсызданып кетті (С.Мұратбеков, Дос деп.). Көбен беті д а у ы л д а п тұрып, өзінің соншама жанкештеніп келе жатқанын ойлады (С.Жұбатыров, Алыста.). 4. п о э т и к а л ы қ. Асқақтау, масаттану. Өлең оқығанда оның даусы бір кезде д а у ы л д а п аса бір асқақ серпінмен естілсе, бір кезде жібек гүлдей үлбіреп, бұралып барып, үзіліп қалатын (С.Мәуленов, Үркер.). Өзендерде толы сулар бар уақта, Бөлермісің көңіл салқын шәрбатқа, Д а у ы л д а ғ а н сезіміңді баспасаң, Адасарсың мынау албырт жаста менығыс жұлдыздары). Аласұрып Бетховен отты желдей, Ән нөсерін сапырып текті селдей. Симфония даусымен д а у ы л д а й ы н, Қасарысқан тағдырды етті жердей (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).