Даярлау

lat: Daıarlaý

1. Даярла етістігінің қимыл атауы. 1. Іс-шараларды өткізуге әзірлеу. Дайырлар Рашидтің жол жабдығын тез д а я р л а у ғ а кірісті (З.Иманбаев, Дала.). Ауыл адамдары қашығырақтағы таза көгалға алаша, киіздерін жайып, жиналыс өтетін орынды д а я р л а у м е н әлек (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). Ақтөбенің ақ тарысына баратын түйекеш-керуендер ертең таң сәріден жүрмек. Соған дейін керуенге қосатын түйені жеткізіп, жазы салып, ноқта кигізіп д а я р л а у керек (Ө.Тұрманжанов, Адам.). 2. п е д а г о г и к а л ы қ. Мамандарды, қайраткерлерді әзірлеу, тәрбиелеу. Сол себепті де қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі терең білімді де білікті дін қайраткерлерін д а я р л а у («Егемен Қазақстан»). Бұл ретте жоғары білікті мамандар д а я р л а у д ы, транзиттік - коммуникациялық жобалардың дамуын, өзара инвестицияларды атауға болады («Егемен Қазақстан»). 2005- 2006 жылдары педагог кадрларды д а я р л а у ғ а тапсырысты бес мыңға көбейту туралы Үкіметке нақты тапсырма берілді («Жас Алаш»). Осы кезде болашақ Шымкент қорғасын заводы туралы да сөз бола бастады. Оған металлургтер д а я р л а у ісі қолға алынды (Ә.Жәмішев, Армысың.). 3. Шикізатты тұтынуға жарамды ету. 4. Тамақты жеуге дайын қылу, тамақ пісіру, жасау. Түскі ас д а я р л а у.