Дайындалу

lat: Daıyndalý

Дайындал етістігінің қимыл атауы. 1. Даярлану, әзірлену. Кенесары жазғы айқасқа д а й ы н д а л у м е н күндерін өткізді (І.Есенберлин, Қаһар). Ханзаданың өмірге келуіне байланысты мөмлүк әскеріне шеруге д а й ы н д а л у ғ а өмір беріледі («Парасат»). Әміржан онсыз да бұлардан қалғысы келмей, таң атқалы д а й ы н д а л у д а болатын (А.Байтанаев, Қайнар.). 2. Тәрбиелену, білім алу, жаттау, баулыну, жаттықтырылу. Ол екеуі емтиханға бірге д а й ы н д а л у ғ а уәделесті (М.Гумеров, Шыңырау.). Сидней олимпиадасының қарсаңында жарық жұлдыз Бекзат Саттархановтан кейінгі екінші нөмірлі былғары қолғап шебері ретінде оған тыңғылықты д а й ы н д а л у ғ а жәрдемдесті («Егемен Қазақстан»).