Дайындық

lat: Daıyndyq

з а т е с і м. 1. Жолға, саяхатқа, жайлауға т.б. шығуға әзірлік. Қыстай басқан Ертістің Мұзы кетті. Пароход та, жігіттер де Ертіске дайындалды. Көп д а й ы н д ы қ п е н пароходтар жүруге айналды (I. Жансүгіров, Шығ.). Алайда кез келген саяхатқа шығу үшін бірқатар д а й ы н д ы қ, батылдық және едәуір білім қоры, ең ақырында, байқампаздық қажет болады (Қ.құрманов, Табиғат.). Ол кезде Андреев ауданының мал жайылымдарының бәрінде малдың жайлауға шығу д а й ы н д ы ғ ы жүріп жатқан. 2. Ә с к е р и. Әскери ісрекеттер жүргізер алдындағы шаралар. Немістер енді зеңбірек оғын қардай боратып, ұзақ артиллерия д а й ы н д ы ғ ы н жасады (Т. Ахтанов, Қаһарлы күн.). Ертең Самар мен Саратовтан, Қазан мен Орынбордан қозғалатын көп әскерге көмек пен д а й ы н д ы қ ісі әлі жеткілікті емес (Х.Есенжанов, Ақ Жайық.). Миронов окоптың бір басында тұрып бөлімше жауынгерлерінің шабуыл алдындағы соңғы д а й ы нд ы ғ ы н а көз салды (Әұрпейісов, Курляндия). Мөмлүктер дереу д а й ы н д ы қ қ а кіріскендіктен қару-жарақ базарында сауытсайман, қару түрлерінің бағасы күрт өседі («Парасат»). 3. Ө н е р. Театрда сахналық қойылымдарға немесе сахналандырылған көріністер әдеби, тілдік, музыкалық т.б. шараларға әзірлік. Театрдағы д а й ы н д ы қ т а н тертер боп, талып келіп, төсекке Құлай кетті (М.Қабанбаев, Арыстан.). Д а й ы н д ы қ жан- жақты жүріп жатты. Күн сайын қазақтың белгілі ақыназушылары да, Мәдениет қайраткерлері де бәрі онкүндіктің қамымен театрдан шықпайды (Қ.Байсейітов, Құштар.). 4. С п о р т. Спорттық ойындар алдындағы шаралар, жаттығулар. Әбден жаттыққан, шыныққан атлетикалық д а й ы н д ы ғ ы жақсы, мықты спортсмен Евгений Державин стихиялық қатерге ерлікпен қарсы тұрады (Б.Елқондиев, Жүзу.). Қызылбас палуан үш күнге дейін д а й ы н д ы қ жұмысын жүргізеді (А.Сарбөпин, Аспалы бесік). 5. Біліктілік, кәсіби құзіреттілік. Нағыз саясатшыға ең кемі үш қасиет керек: теориялық ұ д а й ы н д ы қ, экономикалық қызмет Тәжірибесі, қабылданған шешімнің орындалуына жауапкершілік (Н.Әазарбаев, Ғасырлар тоғ.). Төраға орынбасарының айтуынша, қызметкерлердің тілді меңгеру д а й ы н д ы ғ ы н ы ң жеткілікті болмауы, қазақ тілін оқытуда қолданылатын қазіргі заманға сай әдістемелердің, арнайы әдебиеттердің тапшылығы, бірыңғай аударма стилінің қалыптаспауы, сөздіктердің жеткіліксіздігі, ақпарат технологиялары саласына қазақ тілін ендіруге ықпал ететін мемелкеттік стандарттардың болмауы қаржыгерлердің қазақ тілін үйренуіне кедергі келтіретін көрінеді («Жас Алаш»). 6. Белгілі бір шаралар алдындағы әзірлік жұмыстары. Оған құпия түрде Горбачев, Пигачев, Разумовский, Мищенко қол қойған. Қазір қызу д а й ы н д ы қ жүріп жатыр («Түркістан»).