Дайындықсыз

lat: Daıyndyqsyz

с ы н е с і м. 1. Алдын ала даярлықсыз, әзірліксіз. Балалардың да айыбы үлкен емес сияқты: сол күні алгебра сабағы болатынын байқамай қалыпты да, д а й ы н д ы қ с ы з келіпті (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Д а й ы н д ы қ с ы з саяхат құр сергелдең де (С.Баязитов, Күтп. кездесу). Бұл жыл Қасым сұлтанға ауыр тиді. Бұрындықтың орынсыз Жұмсауымен д а й ы н д ы қ с ы з тиісіп бір-екі рет Мұхамедайбаниден жеңіліп қалды (І.Есенберлин, Алмас.). 2. Тосын, күтпеген, кенеттен болған. Д а й ы н д ы қ с ы з сұрақттан Байсарин көзі жыпылықтап, сасып қалды (Т.Ахтанов, Шығ.).