Даңқты

lat: Dańqty

с ы н е с і м. Атағы шыққан, елге даңқы жайылған, әйгілі. Қаныш Имантайұлы Қазақстандағы ірі өндірістердің құрылуына, дамуына белсене атсалысқан д а ң қ т ы ғалымдардың бірі (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Төбе билердің, д а ң қ т ы батырлардың шақыруымен көшіп келген әр ауыл, әр жігіт, әрбір жүздік көзге түсуге тырысады (Ә.Әлімжанов, Жаушы). Солардың ішінде «Абылайлап» жауға шапқаны қалмақтың ханы Қалден Цереннен тартуға келген Топыш ханымнан туған Қасым төренің балалары кешегі д а ң қ т ы Кенесары хан мен ер Наурызбай (М.Дулатов, Шығ.).