Дағдарыс

lat: Daǵdarys

з а т е с і м. 1. Аңыраушылық, не істерін білмей сасушылық, әрі-сәрі күй. Аңырған, аңтаң д а ғ д а р ы с бар да, ерні күбірлей түскен үнсіз сиыну бар (М.Әуезов, Абай). Хажы кәзір д а ғ д а р ы с т а. Алуан көп сөзді Қадиша Құлағының етін жеп барады (Ғ.Мұстафин, Көз көрген.). Арыстан азаматты алдына алып сүлатып салып, жылаудан өзге қолдан келер қайран жоқ д а ғ д а р ы с т а отырған (О.Бәкеев, Өз отың.). Көп болыпты, Әлі де көп барыстар. Қатысты емес оларға д а ғ д а р ы с т а р.  Шамдандырып алмасаң, Шамырқанып Шабуылға шықпайды жолбарыстар (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Жүрекке шаншудай қадалған әлгі бір зәрлі сөзден көңілі астанкестең, әлем-жәлем. Тығырыққа тіреліп, шарасызданғандай бір дегбірсіз д а ғ д а р ы с т а (І.Қожабаев, Қансонар.). 2. Күйзеліс. Болмашыны д а ғ д а р ы с көріп, болымсызды сөз қылатын мінездерге Айгүл күйіп-пісіп қалатын еді (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. Кет.). Оған деген көп кедергі, тосқауылы да дайын тұрары бар. Міне, өстіп бас көтертпес ауыр д а ғ д а р ы с қ а тап келген, енді тек тірі мүсінге айналып бара жатты (А.Байтанаев, Қайнар.). 3. э к о н о м и к а л ы қ. <грек.> Белгілі бір елдің немесе жеке кәсіпорынның экономикалық, қаржылық дамуындағы тоқыраушылық; қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең. Д а ғ д а р ы с т ы ң қаржы дағдарысы, өндірістік дағдарыс, тауар дағдарыс, экономикалық дағдарыс, энергетикалық дағдарыс т.б. түрі боладыаз. Орыс термин сөзд.). Қазіргі жағдайда адамзат өркениетінің дамуына экологиялық отын-энергетикалық, минералдықикізат д а ғ д а р ы с т а р ы барған сайын елеулі ықпал етеді (ҚҰЭ). 4.  с а я с и. Белгілі бір мемлекет, ел ішіндегі әлеуметтіксаяси ахуалдың шиеленісіп, қауіпті, тұрақсыздық сипатқа ие болуы. Д а ғ д а р ы с т ы ң ушығуының сатылы кезеңдері бар: 1) қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісіп, шешуші кезең деңгейіне өрлеуі; 2) ресми биліктің қоғам алдында тұрған міндеттерді әдеттегідей саяси тетіктер арқылы шешуге қабілетсіздік танытуы дағдарыстың шарықтау шегі; 3) саяси жүйенің толықтай не ішінара жаңа жағдайға өтуі, яки бұрынғыдан өзгеше жүйенің құрылуы (ҚҰЭ).