Дала

lat: Dala

з а т  е с і м. 1. э т н. Қазақ ағымында туған жер мағынасымен астасатын, кең байтақ жазық өңір. Ардагер Амангелді ердің ері, Кең байтақ жалпақ д а л а туған жері (Жамбыл, Шығ.). Барылдаған зор дыбыс көктемгі д а л а н ы жаңғырықтырып, алысқа кетіп жатыр (Ғ.Сланов, Әңгім.). Көң-қоқырға белшесінен батқан қожалақ тамдардай емес, Бұл көңілді: айнала жібектей Құлпырған жасыл д а л а, мөп-Мөлдір таза ауа (Б.Соқпақбаев, Балалық.). 2. Г е о г р. Бетін шөптесін өсімдік басқан, ландшафттық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы, ормансыз аумақтар. Д а л а н ы ң ауа райы қуаңшылықты, жазы ыстық әрі құрғақ, жылына 450 мм шамасында жауын-шашын түседі (Қ.құрманов, Физ. Геогр.). Д а л а н ы ң өсімдіктері бетегелі болса, жануарлары негізінен кеміргіштер (Қ.Құрманов, Физ. геогр.). Солтүстік Африканың орталық бөлігінде д а л а н ы прерий деп атаса, Оңтүстік Америкада пампа деп атайды (Қ.Құрманов, Физ. геогр.). Д а л а жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән (ҚҰЭ). 3. Сырт жер, тыс. Д а л а жел, жазғы- тұрғы қара суық. Жел екпінімен терезеге әлденелер келіп тырсылдатып тиеді (Б.Майлин, Шығ.). Жұмабек тар бәлменің ішінде торға түскен торғайдай көзі мөлдіреп д а л а ғ а қарайды (Т.Ахтанов, Махаббат.). 4. с ө й л. Аула, есіктің алды, қора. Жақсыбайдың жалғыз баласы Әділ Милы қүдығына бүгін қонып, биесін байлатып бола сала үй тігілгеніне қарамай-ақ д а л а ғ а сырмақ салғызып, бір табақ піскен ет пен бір тегене қымызды ортаға алып, құрбы-құрдасымен мөзмайрам болып отыр (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Мен д а л а ғ а шыққанда ай еңкейе бастаған екен (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). Жүгіріп шықты д а л а ғ а, тұлпардың мінді үстіне Сиынып Алла тағалаға (Қамбар батыр). 5. Ауылды жер, қыр (антонимі қала). Зиялы қауым - ауыл мен қаланы, д а л а мен өркениетті жалғастырып тұрған алтын көпір («Қаз. әдеб.»). Жібек мінез, түсі шүйгін әйелді Шығанақ та байқап қалды. Қала адамы, д а л а адамы екенін айырған жоқ (Ғ.Мұстафин, Шығанақ). Алда іздеген бақ гүлім, алда өмірі қаланың, Тосар ма екен шаттығын, тосырқамай д а л а өнін (З.Шүкіров, Арал.). Пана сұрап келген д а л а н ы ң жас қызы тергеуші ұлықтардан рахым сұрайды (М.Әуезов, Шығ.). Жаз болатын. Жаз болғанда, нағыз шілде болатын. Біреу анда, біреу мында, біреу малда, біреу жалда, біреу д а л а д а, біреу қалада - басы бапан, аяғы сапан құм елі еді, құм тірлігі өгіз аяң өтіп жатқан (Е.Домбаев, Жаман Жәутік). 6. Шабындық, жайылымдық жер. Көбінесе қар кеш түседі де, малды қыс бойы д а л а д а тебіндетіп жаюға қолайлы жағдай туады (Б.Жамалов, Торғай.). 7. Жапан тұз, адам аяғы сирек баратын жер. Ай сабылтып д а л а д а, Түлкі қуған жолшыны. Ақ маржандар көреді. Көреді де бір қызға, Шақы деп ана жолшыны, Ханша өмір береді. Жолаушысың, жас түлек, Саяғыңа көз салсам нәсілді тұқым ақ сүйек (Шалкиіз ақын, Шығ.). Д а л а д а Құлан домбай шұбырса, Одағы бір егеулі оққа жолығар (Шалкиіз ақын // Алдаспан). 8. Белгілі бір жазық жердегі өлке, аймақ. Бұл дәуір басталардан бәлкім ілгерірек арғы түбі тибеттен өрбіген будда діні, моңғол д а л а с ы мен тайға орманына да бірт деп жайылады да, орта ғасырларда шаманнан үстем болуға айналады, оған қуғын жасайды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Сағыз д а л а с ы н д а да үлкен және одан кішірек ескерткішбейіттер бар. Олардың ішінде ең ерекшесі сағанатамдар, құлпытастар мен қойтастар бар Алып-ана комплексі («Зерде»). Ахраптың ақ қабағы - біздің д а л а ғ а күздің соңғы суық айларында келетін құс. Бұл да қара тарлан сияқты басы жалпақ, тарғыл түстес. Бірақ күлім тартып тұратын көздерінің қабақтары ақшыл болып келеді (Ж.Сатылғанов, Шығ.). Жетісу д а л а с ы н ы ң даңқты ақыны Сүйінбаймен кездескеннен кейін Жамбылдың өзінің ақындық күшіне сенімі біржола нығайды (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Шұрқырап жатқан бір жылқы, тоғай сайын мың жылқы. Есебі жоқ көп жылқы, Жиделі Байсын д а л а с ы (Алпамыс). 9. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Қазақ жұрты, мекені, елі деген мағынада. Д а л а н ы қанға бояп көтерілісті басқан патша үкіметі мен оның қолшоқпарлары байманаптарға, би-болыстарға қарсы ақынның өшпенділігі үдей түсіп, «кекті түгі" сыртына шығады (К.Әзірбаев, Шығ.). Талай ұлттың баласы осы д а л а д а тоғысып, жылы ұясын тапты, бұрын болмаған жаңалықтар орнатты Бұл далаға (С.Мәуленов, Жер нәрі). Д а л а ң а да таршылық қазір жетер, Шойын жол Сарыарқаны шырмап өтер. Ақырып жалмауыздың жалғыз көзі, Қыстау мен жайлауында түтіндетер. Сол түтін - өртенгені Сар Даланың, Байлығың, жақсы жерің қолдан кетер. Жұмысқа көндікпеген көп надандық Қалаға малайлыққа тентіретер (С.Торайғыров, Алаш ұраны). 10. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Киелі мекен, атажұрт. Мәкең Ұлға өкпелеп, бір жыл тоңтеріс жүрген болды. «Ата-бабаң ғүмыр кешкен д а л а ң н а н безейі дедің бе? Әке деп сақалымды сыйласаң ауылға қайт» (К.Сегізбаев, Ашыл. Сыр).