м ө д.-ф и л о с о ф и я л ы қ. Түркітектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы; этно-мәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғитарихи тұрпат. Еуразиялық астамшылық пен таптық уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансұқ еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға «д а л а ө р к е н е т і» деген атпен ене бастады (ҚҰЭ). Еуропа арасындағы алып кеңістік - ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эволюциялық жолмен қалыптасқан Мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының этно тарихи жүйесін д а л а ө р к е н е т деп атауға толық негіз бар (ҚҰЭ).