Даму

lat: Damý

Мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын ауыстырудың даму болатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталатындығында. Материяның өмір сүру тәсілі түріндегі қозғалыс еш нәрседен пайда болмайды және жоғалып та кетпейді, мәңгі өмір сүреді, басы да аяғы да жоқ. Сонымен бірге қозғалыс әрқашан бір нәрсенің екіншісіне қарай қозғалуы, яғни басталуы мен аяқталуы бар әртүрлі заттардың, процестердің және басқалардың қозғалысы ретінде өмір сүреді. Қозғалыстың бағыты материяның өмір сүруінің тәсілі ретіндегі, шексіздігі ретіндегі қозғалысытың сипаттамасы бола алады. Қозғалыстың бір бағыттылығы әрбір шекті қозғалыстың сипаттамасы. Жоғары өрлейтін және төмен түсетін даму болады. Сырттан ішке қарай, іштен сыртқа қарай , ескіден жаңаға және жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге және күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға және жоғарыдан төменге, кездейсоқтықтан қажеттілікке және қажеттіліктен кездейсоқтыққа және т.б дамулар болады. Органикалық емес жүйенің, жануарлар дүниесінің, қоғамның дамуы диалетиканың жалпы заңдарына бағынады. Даму спираль тәрізді, қарама- қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде жіне керісінше өрбиді. Дамудың әрбір жеке процесінің баспалдақтары, оның пайда болуының алғыщарттарының әзірлеу, яғни, негізінен сыртқы қозғалыс, бұл баспалдақты дамудың осы процесінің басталуы деуге болады, туу, яғни, ішкі қозғалысқа көшу; қалыптасу, яғни, оның өз бетінше өмір сүруі; процестің өшуі, күйреуі. Дамудың түпкі процесс ретінде әуел бастан- ақ төмендегіден жоғарыға және жоғарыдан төмендегіге жеткізетін тенденциялары жасырын күйде болады. Дамудың теориялық формада жаңғыруы диалектикалық логикада іске асады.