Дамы етістігінің қимыл атауы. 1. қ о ғ.-ә л е у м е т т і к. Экономикалық, әлеуметтік т.б. қоғамдық өмір салаларының немесе құбылыстарының жақсаруы, ілгерлеуі, күшеюі. Оның үстіне, бүгін экономикадағы д а м у д ы ң әлемдік үрдісінде кері әсер байқалып отыр («Егемен Қазақстан»). Журнал шетелдегі басылымдардан кем болмаса, Қазақстанның бүгінгі д а м у деңгейін көрсететін дәрежеде болса деп намысқа тырысып жүрміз («Қаз. әдеб.»). Бұл газет бір заманда орыс елінің демократиялық д а м у ы н а ықпал жасаған «Современник» журналы мен «Литературная газета» секілді ұлттық мұраттың шамшырағы болатынына сенетін едік («Қаз. Әдеб.»). Ұдайы өсу, д а м у үстінде отырған ғылыми-техникалық прогрестің өсерінен жаңа ғылым мен техника салалары ашылуда (Қ.Найманбаев, Серт). 2. Қандай да бір рухани құбылыстың қалыптасуы, жетілуі, өсуі. Мақал-мәтелдердің баю, д а м у көздерінің бірі - басқа халықтардан ауысу, аударып алу (Б.Адамбаев, Халық дана.). Қазақ ауыз әдебиеті Қазақстанның тыс жерлерде де өсу, д а м у үстінде («Қаз. әдеб.»). Н.Назарбаев сессияға қатысушыларға дін, ұлт, нәсіл бойынша бөлінудің осы заманғы қоғамда, жаһандық ортада д а м у ғ а, алға қозғауға емес, кері кетуге жетелейтін аса зиянды фактор екендігін атап көрсетті («Қаз. әдеб.»). Жоқ, өмірдің д а м у ы н ы ң өз заңы бар, оны тежеуге болмайды, ол өзін адамға мойындатады (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Иә, бүгінгі поэзия оның саны жөнінде пікір таусылмайды. Өйткені өмірмен жалғасқан өнер үнемі д а м у, толысу, шыңдалу үстінде (А.Егеубаев, Шығ.). 3. п с и х о л о г и я л ы қ. Әртүрлі әрекет, тәжірибе негізінде белгілі бір психикалық құбылыс, қасиеттердің қалыптасуы, жетілуі, өзгерісі. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады (К.Жарықбаев, Психология). 4. б и о л о г и я л ы қ. Тірі ағзалардың жетілуі, өсуі. Ұрғашы бақаның арқасындағы ұрықтың д а м у ы 80 күнге созылады (Қ.Қайымов, Қызық. зоол.). 5. т а р и х и. Белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі адам қоғамының әртурлі түрткі жайттарға байланысты өзгерісі, жетілуі. Адамзаттың д а м у тарихындағы қандай да философиялық ізденіс тіршіліктің мәнін түсініп, өзін-өзі танудың жолдарын айқындауға ықпалын тигізеді («Қаз. әдеб.»). Меніңше, әр ұлттың идеясы өзінің тарихи д а м у кезеңіне сай, ұлт алдында тұрған бірінші кезектегі міндетті белгілеп, соны шешуге бүкіл халықты жұмылдыру үшін ұлттық идея ұраны қажет болып отырған жоқ па! («Егемен Қазақстан»).