Терісті теріске шығару заңына сипаттамадағы дамуды бейнелеп түсіндіру үшін қолданған салыстыру. Даму кезінде әрбір құбылыстың өзгеру процесі өзінің «бұрынғы түріне» қайта оралғандай тәрізді, жоғары сатыдағы құбылыс төменгі сатыдағы кейбір сипатын және ерекшелігін қайталағандай болады. Дамудың бұл ерекшелігін ширатылған серіппе түрінде елестетуге болады. Спиральдің әрбір жаңа орамы алдыңғы орамды қайталағандай тәрізді, бірақ ол жоғарғы сатыда өтеді. Сонымен қатар дамудың спиральі метафизиканың тұйық шеңберге тән түсінігіне қарама –қарсы қоюға арналған.