lat: Danalyq, danyshpandyq, kemeńgerlik, oıshyldyq
Ақыл-білімі асқандық, ұлылық.
Ақындардың адалдығын - даналықтың даналығы деп білем (Ғ. Мүсірепов).
Меніңше, данышпандықтың ең бірінші белгісі - адамның өзін-өзі тани білуі дер едім (С. Бақбергенов).
Тезек теріп, күл шығарып жүрген сенен не кемеңгерлік шығушы еді (Ә. Хасенов).
Ғанидың аққұба жүзі мен өткір көзінен үлкен бір ойшылдық пен байсалдылық байқалатын (Ш. Ерманов).