з а т е с і м. 1. Өмірдің шындығын, оның себебі мен салдарын кемеңгерлігімен танып білетін қасиет. Абайдың д а н а л ы ғ ы н а қанат бітіріп, дем берген қадірлі де қасиетті атамекен, міне, Семей! (К.Оразалин, Абай.). Қу дауысты Құттыбай қазақ туын көтерді, Д а н а л ы қ п е н айырды Келер менен кетерді. Өтірік деші, қанеки, Мен айтпаймын бекерді (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Д а н а л ы қ - өмірді, болашақты ойлай біліп, ақылдылықпен айтылған сөз; аса білгірлікпен жасалған іс-әрекет, көрегендік пен көсемдіктің көрінісі (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Жырдың поэтикалық құны, шеберлік, шешендік сипаты халық д а н а л ы ғ ы н танытатын жақсы қасиеттерден де ашылады (Х.Сүйіншәлиев, Ізденіс.). 2. ф и л о с о ф и я л ы қ. Адамзаттың сан ғасырлық таным процесі мен өмір тәжірибесі нәтижесінде жинақталған рухани ілім-білімді игеріп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұлағатты ой-пікір, өнегелі, ізгілікті іс-әрекет түрінде жеткізе білетін адам қасиеті. Д а н а л ы қ - ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған біржақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте надандыққа қарсы мәнде қолданылады (ҚҰЭ). Философия ғылымсыз да өмір сүре алады, ал д а н ал ы қ т а н қол үзсе, философиялық аты ғана қалып, заты жоғалады (ҚҰЭ). Жалпы, қазақы дүниетанымның өзі д а н а л ы қ қ а, Ғұмар Қараш айтқандай, «өмір пәлсапасына», ізгі түсінікке, рухани кемелдік аңсарына негізделеді (ҚҰЭ).