(қыт. taoism [e]) – қытай философиясы мен дәстүрлі діндегі негізгі бағыттардың бірі. Оның негізін қалаушы Лао-цзы («Кәрі дана», «Кәрі ұстаз») болып есептелінеді. Б.з.д. ІІ-І ғғ. шығармаларда бұл философиялық ағым «дао және дэ мектебі» (даодэ цзя) , ал І ғ. – дао цзя (дао мектебі) деп аталған. Осы мектептің ілімі «Дао дэ цзин» («Дао және дэ каноны»-канон деген ереже, қағида) және «чжуан- цзы» (Чжуан Чжоу деген ойшылдың кітабы делінеді) трактаттарда баяндалған. Даосизмнің негізгі ұғымдары дао (жол немесе сапар) және дэ (игілікті күш, асыл қуат, энергия), олар кейінгі бүкіл қытай философиясында кең қолданыс тапты. Дао мен дэ «цзы жань» - табиғилық және «у вэй»- әрекеттенбеу (недеяние) қағидаларын ұстанады. Даосизм өкілдері сол сияқты мәңгілік өмір (бессмертие) мәселесімен де айналысты. Оны олар «дененің/тұлғаның» онтологиялық статусының өзгеруі, яғни рухани – психо- денелік бірлігі, тұтастығы, шэнь (рух) субстанциясына айналуы деп түсінген. Мұндай «денелік/тұлғалық» күй даоның өрістеу (қанат жаю) процесінде пайда болатын, бірақ көрінетін Аспаннан бұрын кездесетін жетілген «аспаналды» (сянь тянь) әлемдік тәртіпке ұқсас. Аспаналды әлемдерді даостық космографияда мәңгі жасайтындардың (өлмейтіндердің) резиденциясы, оларда туу да, өлу де жоқ, бәрі үйлесімді және бірлікте, тұтас деп суреттейді.