Дао немесе « жол» (заттардың жолы), туралы ілім, Қытайда б.з.б. 6-5 ғасырларда пайда болған. Даосизмнің негізін қалаушы ежелгі қытай философы, табиғаттан айнымауға, табиғи өмір сүруге шақырған Лаоцзы болып есептеледі. Тас дәуірінде әулиелік мәнге ие болды. Оның негізгі идеялары «Дао дэ цзын» кітабында баяндалған. Барлық заттар өз « жолының» - даоның арқасында туып, дамиды. Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ, сөйтіп өзгеру процесінде олардың бәрі өзінің қарама- қарсы жағдайына көшеді. Адам нәрселердің табиғатына жақын болуы, данасынудан бас тартуы тиіс. Даосизм үстемдікке, езгіге қарсы шықты; алғашқы қауымдық өмірге қайтып оралуға шақырды. Даосизмнің адал жақтаушылары б.з.б. 4- ғасырларда өмір сүрген Ян Чжу, Инь Вэнь, Чжуанцзы болды. Ян Чжу бойынша өмірдің табиғи заңдарын сақтау адамның « өз табиғатын тұтас күйінде сақтауына» мүмкіндік береді, ал Инь Ваньнің айтуынша , ол адамның даналыққа ие болып, ақиқатты ұғынуы үшін де қажет. Соңғысы адам жаны аса нәзік материалдық бөлшектерден – цзин циден тұрады, олар біздің ойлау ағзаларымыздың (синь) « тазалығына» немесе «ластануына» байланысты келіп, кетіп отырады деп санады. Чжуанцзы ойлауды «аспан мен жер айнасы» деп атады. Ол жалқы мен жалпының, абсолютті салыстырмалықтың, тұрақты мен өзгермелінің диалектикасын танымдық нәрсе ретінде ұсынды. Алайда Чжунцзы жалпының ішіндегі жалқыны, қозғалыстағы тыныштықты абсолюттендіруге , даоны заттардан оқшаулауға тырысты , мұның өзі оның «әрекетсіздік» теориясының идеялық негізіне айналды, бұл теория б.з. басында даосизм діні қалыптасуының негізгі көздерінің бірі болды.