1. Бір түстің үстіне түскен екінші түстің белгісі. Ол бетінің терін әр жерінде теңбілтеңбіл, қара д а қ т а р ы бар үлкен орамалымен сұртініп, есіктің алдындағы ағаш сөкіге келіп отырды (Т.Нұрмағамбетов, Қарлығаш.). Ән бойы ашық түсті киім киіп, аққа малынып жүретін сұлу келіншектің тәні де, сезімі де оппақ көрінеді. Өзі сол оппақ денеге жүққан қара д а қ екенін ескермейді (М.Ысқақбаев, Ұят туралы.). Онша таяз емес көлдерде қасқалдақтар өте көп. Бұлар - түсі қара, маңдайында тұтас ақ д а ғ ы бар, үлкендігі кәдімгі үйректей, шағын құс (Б.Мұханов, Қазақст. Өсімдік.). Сүрланған жүзіне теңбілтеңбіл қызыл д а қ пайда болды (З.Шашкин, ұядан үш.). 2. Жарақаттан денеге түскен таңба, тыртық. Бетінде, маңдайында да көгерген, қызарған, ісіп шыққан д а қ т а р баттиыпбаттиып тұр (Р.Райымқұлов, Болат.). Екі беті тұтығып, өңі-түсі де бұзылып кеткен. Қарсы алдында тағы да тақай түскенде маңдайындағы қанның қатқан д а ғ ы айқын кәрінді (Ж.Тұрлыбаев, Телқоңыр). Қағылез, тіптік орта бойында мін жоқ, жалғыз-ақ биіктеу қабағынан жасында ат тепкен тұяқ д а ғ ы бір жаңа айдай имек сызықша болып қалып қойыпты (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). 3. Терідегі шешектен т.б. қалған таңба. Бұзаубақтың баласы бір аяғы ақсақ, маңарлау, бетінде шешектің д а ғ ы бар, сүрлау бала (С.Сейфуллин,Әңгім.). Жолсоқты болып Ұйқыдан қалған ол көзі кіртиіп деп, беттегі шешек д а ғ ы бұрынғыдан да көбейіп кеткен (Т.дәуренбеков, Таң атып.). Бетінде аздап секпіл д а ғ ы бар Төлеп, басын төмен еңкіштеу ұстайтын (С.Баязитов, Күтп. Кездесу.). 4. б и о л о г и я л ы қ. Ағзадағы өзгеріс, кері процестер мен аурудың көрінісі ретіндегі таңба. Силикоз кейде өкпедегі кішігірім д а қ құсап кәрінсе, кейде өкпенің бір бәлегін түгел қамтып, абцесс, рак, туберкулез ауруларына ұқсас болып келеді (М.Сисекенов, Өкпе ауру.). Дегенмен экологиялық жағдайымыздың нашарлығынан базардан сатып алған жеміс- жидектердің бойында ақ д а қ т а р кездеседі («Зерде»). 5. Белгісіз таңбалар, бір нәрсенің орны, ізі. Ғалымдар қара д а қ т ы зерттей отырып, оларда теңіз, көлдер ба деп те топшылайды, бірақ кейінгі кездегі зерттеулер оның бетінде су жоқтығын анықтап отыр (Н.Баяндин, Ғасырлар.). Расында, олар Юпитерден бақылағандай онша айқын емес, бірақ түрлі жылдамдықта тез қозғалып бара жатқан құйын сияқты үйірілген күңгірт д а қ т а р зерттеушілер назарына ілікті («Зерде»). 6. Киімнің, не басқа бір заттың былғанған жерінде қалған орны, бір нәрсенің түскен табы. Тер қатып, қиналған мал тәрізді. Қанжығасында қанның д а ғ ы бар (Ғ.Мұстафин, Жиырма бес). Сия д а ғ ы бірден кете қоя ма! Тырнағыңның көбесінде, саусақ арасында қалып қойды (С.Шаймерденов, Мінез). Зылиқа орнынан тұрып, әлгі сорпа мен қызыл шараптың д а ғ ы н орамалмен орлі-берлі сұрткен болды (М.Дүйсенов, Ант.). 7. А у ы сп о э т и к а л ы қ. Уайым-қайғының, бейнеттің, соғыстың т.б. ізі, табы. Көздерінің қайғысында шеккен азаптан ба, қайғыдан ба, қатып қалған жас дағы бар (Ж.Жұмаханов, Жинақ.). Сәлиманың бетінде ерекше қайғы д а ғ ы бар еді. Жүдеу, өңі қашқан, сарғайған (Ғ.Сланов, Дөң асқан). 8. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кемшілік, мін, ақау. Аз сөйлеп, көп істейтін адамдармыз, Бойыма былшыл сөзді д а қ санаймын (Бейбітшілік.). 9. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Абыройсыздық, беделден айырушылық. Қатының жаман жолықса, Халық ішінде қатты д а қ, Қыз алмаққа саған бақ (Бес ғасыр.).