Дақ

lat: Daq

з а т е с і м. А с т р. Фотосфераның газдарының 4500 градусқа шейін салқындаған жерлері. Ерте кездердің өзінде-ақ д а қ т а р д ы Күн бетінің салқындау жерлер деп ойлаған (Х.Әбішұлы, Халық астроном.). Жай көзбен қарағанда, ай бетінде қарауытқан д а қ т а р көрінеді, оларды XVII ғасырда «теңіздер деп атаған (А.Воронцов, Астрономия.). Күн фотосферасындағы ұсақ д а қ т а р ұзақ сақталмай, қысқа мерзімнің ішінде жойылып отырады (М.Құдайқұлов, Ғылым. Дін. Тур.). Күн бетіндегі д а қ т а р туралы ғылым жаңалықтары бұдан 350 жыл бұрын-ақ, Күн кіршіксіз таза деген діни түсінікті біржолата теріске шығарды (М.Құдайқұлов, Ғылым. Дін. Тур.).