[ир.] з а т е с і м. к ө н е. Өлім жазасына бұйырылған адамды асып өлтіру үшін құрылған баған, діңгек. Жендеттер хан бұйрығынан соң жаманды д а р ғ а апарып, мойнына тұзақ салып д а р д ы ң жібін тартып жоғары көтерді (Аяз би). ...Қол-аяғы кісендеулі, бәрінің де көзін қара шүберекпен таңып тастаған бес декабрист д а р алдына әкелінді (Ө.Қанахин, Жас дәурен). Баяғы байғұс Ысқақ қайтып кетті, Босатып оны д а р д а н азат етті. Енді қатын алмасқа тәубе қылып, Қаңғырып, жылап жүріп, шөлдерді өтті (Мәшһүр Жүсіп, Шығ.).