Да

lat: Dash y l a ý.

ш ы л. 1. Сөз бен сөзді, сөйлемдер мен сөз тіркестерін салыстыра байланыстырып, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстыратын дербес мағынасы жоқ жалғаулық көмекші сөз. Биік мансап - биік жартас; ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран д а шығады (Абай, Тол. жин.). Аузыңнан шықса, жел есіп, Жер түбіне жетер тез. Таққа мінген бір патша, Дәл он жеті жасында. Тітіреткен қаһары - Досыменен қасын д а (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Дулы д а шулы көшемін, Бүгінмін және кешемін. Ашылған бағы кітап боп, Қолдан мен қолға көшемін (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем). Дүниеде су д а дария, сүт те дария, Дәурендеп мұратыңша жүр екенсің. Қолыңды неге ұсынсаң табар күнің, Атаның миуа, бақша, гүлі екенсің (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарында келіп, қарсылықты мағынаны білдіріп, сөйлемнің екі компонентін Сабақтастыра байланыстыратын көмекші сөз. Алпыстан аса отырып қалмасаң д а, Көшке ерген кісідейсің кәрі өгізбеназар жырау, Шығ.). Жолама, есің болса, маған жақын, Қайта сал қынабына «селебең-ді». Үйіңді нағыз ақтан жаппасам д а, Жағалай жаңғыртармын дөдегеңді (О.Шораяқов, Шайыр). Өзгелер ондай сөзге арланса д а, Нарекең есіткенмен кектемейді (Базар жырау, Шығ.). Иә, шындықтың ащы даңқы Шындық үшін жалғыз түстім егеске Ақындықтың басты шарты - Басты алса д а шындықты айту емес пе? (М.Шаханов, Ғасырлар.). 3. Сабақтастықты, іліктестікті көрсететін көмекші жалғаулық. Жабының анасы бар ол д а сендей, Сен неге қайғырасың одан кемдейазар жырау, Шығ.). Адам нешік тартпасын, Хайуан д а жақсы туады Арғы негіз жағынан. Тәжірибелеп қарасаң, Балта оза ма сабынан?! (Кердері Әбубәкір, Қазағым.). Құлагер мерт болды деп естігенде, жұлдым д а сақалымды ойбайладым (Ақан сері, Шығ.). Басын тізесіне салып отырған Төлегенге қарады д а, ернін жалады (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.). 4. Сөйлеушінің сөзін, ойын күшейтіп айту үшін қолданылатын көмекші демеулік. Арманын д а, азабын д а, қуаныш, қайғысын д а өнге сыйдыра білген, айналайын елім-ай! (М.Мақатаев, Шығ.). Сайдақтың кеткеніне сегіз айдан асып барады, сонан бері нақты хабар д а жоқ (Ә.Әбішев, Замана.). Кәкешім! Мұңайып не етесің?! Сен бүгін тағы д а Ұшасың, кетесің, Кәкешім! Әкеңнен әкеңе жетесің, Мұңайма, Кәкешім! (М.Мақатаев, Шығ.). 5. Салыстыра айту үшін жұмсалатын көмекші демеулік. Құлмамбет сен жақсы д а, мен жаман ба! Ақында сен жүйрік те, мен шабан ба? (Жамбыл, Шығ.). Бұл кезде тойынып алған денесі бұрынғыдан д а кесектеніп ірілей түскен (М.Әуезов, Қараш.). 6. Және деген мағынада жұмсалып, сабақтастықты білдіретін көмекші жалғаулық. Арбаға урядник пен Елизавета қатар отырыпты д а, Быков көшірдің қасына орналасыпты (Ғ.Мүсірепов, Шығ.). Екеуі судан өтіп болды д а, Айгүлді қарсы алды («Жалын»). 7. Негізгі етістік пен көмекші етістік тіркесінің аралығында жұмсалып, олар арқылы айтылатын іс-әрекеттің тез, дереу болғанын білдіретін демеулік көмекші сөз. Менің ендігі баратын жерім дайы деп теңізге лақтырды д а жіберді (Мың бір түн). 8 с ө й л. Ғой шылауының мағынасына жуық, айтылған ойды растау мәнінде жұмсалатын демеулік көмекші сөз. Бұл жер бұрындары көкорай шалғын болатын еді, қазір шаңы шығып жатыр д а аз. тілі аймақ. сөзд.).