Дат

lat: Dat

з а т е с і м. 1. с ө й л. Тат. Ол ствол тазартуға кірісті. Іші-сырты д а т т а н тазарған алты мылтық сап түзеп тұрды. Құндағын, құлағын, бауыр ағашын майлады (Ж.Молдағалиев, Сарыарқа.). Ұл қалмаса, қыз қалар. Моллалардан хат қалар, ұсталардан д а т қалар. Опасыз пәни жалғаннан өлмей тірі кім қалар? (Қабан жырау, Алтын қазық). Мұның ішіндегі қарайған жылтыр д а т металдың жұғыны (А.Машанов, Жер асты.). 2. Бір нәрсеге жұққан дақ, кір. Тістің д а т ы н алып, микроскоппен қараңызшы. Сіз одан құжынаған микробтарды көресіз (Т.Таубаев, Жасыл әлем.). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Кінәрат, мін. Д а т ы жоқ оған біткен көңілдің де, ізгі тілек жетерлік тек ойында. Ендеше осынау кез оның мүлде, ұқсауына жол жоқ қой өгей ұлға (С.Оразаев, Шырқау.). Е-ей, дыбыс жоқ, Сөйлесуге тілхат жоқ. Бір өзіңдей бекзат жоқ. Ең болмаса, сәулешім, Ашып айтар бір д а т жоқ (Ә.Найманбаев, Шығ.). 4. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Реніш, қайғы, күйзелістің ізі. Көлеңкесі, елесі жоғалған зат салды бүлік көңілге, жүрекке д а т (Қ.Жұмалиев, Қырда.). Қармағы жетімдіктің жас қармапты, Жүрекке шоқ түскендей жас парлатты. Біреулер маңдайымнан сипағанмен, Кеудемнен арылтпады басқан д а т т ыас қанат). Мүбәда қалам тайып, қате жазып, Көңілдің айнасына жұқпасын д а т. Мағынасыз сөз қозғалып шығып лаптан, Қарауға, халық жақсысы көріп ұятйтыс). Заманда атқа мінген - атармандар, Белдерін мол шекпіннің қатарғандар, Бүлінбей, жарылмай-ақ ештемесі, Көңілге қарап жүріп д а т алғандар (О.Шораяқов, Шайыр). 5. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Арамдық, жамандық. Ол аяқ астынан күтпеген іске тап болып, кең дүниеге терезеден қарап қалды. Біреулер тіл-көз. Біреулер жат жұрттың д а т ы десті (Н.Әбуталиев, Құрдастар). Қолдарында бірсыпыра күші бар, пайдаланамыз, іштерінде бірсыпыра д а т бар, тазартамыз, тәрбиелейміз деген үмітпен қуана қайтты (Ғ.Мұстафин, Қарағанды). Жаманнан д а т, жақсыдан ат қаладыақал). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Жаман атақ. Сен, шырағым, әнші боп аулымыздың атын шығара ма десем, ойнас қуып д а т ы н шығарғаның қалай (Б.Нұржекеев, Күтумен өт.). Ал қарауыңда бір қызметкер сөйтіпті деген д а т т ы ң болғаны қандай жаман (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.). Ханзада сүйгеніңнің аты деді. Әйел боп Шыққан емес д а т ы деді. Ұялып мені көрсе қалушы еді, Атасы меніменен жақын еді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).