о д. к ө н е. Әділдік талап ету, мұң шағу, тілек айту мағынасында патша, хан алдында, үлкеннің алдында айтылатын сөз. Ашуланба, ей, патшам, айтайын д а т: Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат; Сый сұрадың бергені - бір қу сүйек Мұны көріп, алыңыз сіз де ғибрат! (Абай, Тол. жин.). Балам, ақымаққа найза сілтеп ақымақ болмағайсың. Д а т айтам, д а т ы м д ы бер деп, келісім күтпестен дір деп таяғына сүйеніп сөйлеп кетті (Р.Сейсенбаев, Аңсау). Д а т, ақсақал! Айдалада қызыл ала қан болатын түріміз бар. Ақылға келейік. Қызып кетсек мына бала бізді ажырата алмас, - деп атынан түсті, бітім ыңғайын білдірді (Д.Досжанов, Зауал).