Деу

lat: Deý

Де етістігінің қимыл атауы, деп айту. Ал дәл қазір бізге облыстың алдын ала жіберген жоспарын орындап шыға аламыз д е у қиын (І.Есенберлин, Көлеңке.). Бірақ Отардың мына немқұрайды мінезіне іштей шатынап-ақ тұр, әлдене д е у г е қырсығып қалам деп тағы үндемейді (Д.Исабеков, Қарғын). Олқылық көп д е у - күңкіл деп, Сын айтқанға зіркілдеп. Танауын көкке шүйірді, Тағы да сол күмпілдек (М.Рашев, Бұйымтай).