газдан тазарту, зақымдалған объектілерден улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникаларын, азық-түліктерді, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінің ең тиімдісі химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен оқшаулаңдыру (зиянды қасиеттерін жою).
Дегазациялаушы ерітінділерді. Дегазация тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға қайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды қыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техникалар толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде дегазациялы жұмыстарға дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, комплектілер мен аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару аймарақтар мен әскери техникалардағы улағыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді( әскери техниканы, транспорт құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардың уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жұмыстарға автотаратқыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналарн (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер, т.б.) қолданылады. Көлемі аз дегазациялық жұмыстарды жаяу әскерлер, көбінесе механикалық тәсілмен жүргізеді. Дегазациялаушы заттарға хлорлы ізбес, кальций гипохлоритінің тұздары, сілті т.б. жатады. Дегазациялы заттарды дайындауға керекті № 1 дегазациялық еріткіш -10 процентті дихлорамин ертіндісі немесе 5 проценрі гексахлормеламиннің дихлорэтанды ерітіндісі. Бұл еріткіштер ипритті, азотты ипритті, люизитті зиянсыз етуге және қару-жарақ пен әскери техникалардағы бактерияларды дегазациялау мен дезинфекциялауға қолданылады, №2 Дегазациялық еріткіштер нерв жүйесін салдайтын улағыш заттарды зиянсыздандырады. Жаудың химиялық жане бактериологиялық шабуылынан кейінгі тиген зардапты жою үшін сол жерді дегазациялайды және дезинфекциялайды, дегазациялық жұмыстарды жүргізуге бөлімдер мен бөлімшелердің адам құрамы пайдаланылады.