Дегді

lat: Degdi

е т і с т і к. Құрғау, кебу, сорғу. Күз түсті дегенмен, құм әлі д е г д и қоймаған екен (Ж.Түменбаев, Қарда.). Көшенің д е г д і г е н жерлерін дақ-дақ басып келе жатып ойына осы келген (М.Қаназов, Жер кіндігі). Қыста соғымға сойған етті аздап сорғытып, д е г д і г е н соң, тошалаға, (тошал үй, шошақ үй) апарып, арсаға іліп, тобылғы, изен, қурайды бықсыта жағып, түтінмен ыстаса, еттің сақталу мерзімін ұзартып, оған ерекше дәм береді (Қазақтың астағам.).