Дегенмен

lat: Degenmen

ш ы л а у. Алайда, әйтсе де, бірақ. Д е г е н м е н балалық шағыңыз өткен ауылды ширек ғасырдан соң көргенде өткенді еске алып, бүгінгіге масаттанбай қоя аласыз ба? (Б.Қожабеков, Көктөбе). Д е г е н м е н менің бір қыз жолдасым бар еді, соған жіберсеңіз деймін (Қ.Бұлқышев, Адамзатқа хат). Мәлік үндемеді. Жаны ашып айтып отырған болар, д е г е н м е н Раушан да түсінбепті жігітті (З.Шашкин, Сенім).