Дегенше

lat: Degenshe

ү с т е у. Сол бойда, бірден. Әйтеуір қыс туды д е г е н ш е-ақ қаланың адамдарымен бірдей Жауқашардың да күні қараңға айналды (С.Шәріпов, Бекболат). Күбіртке белгі берді д е г е н ш е-ақ адамның алдын ала емделуі керек (Е.Оразақов, Дәрігерлік.). Ол есіне түсті д е г е н ш е, Ұйқыдан береке кетеді. Атар таңды дөңбекшіп көз ілместен қарсы алады (Ә.Әлішев, Бәйтерек.).