Деградация

lat: Degradasıaá

з а т е с і м. Ә л е у м е т т і к. Қоғамда жеке адамның немесе әлеуметтік топтың маңызды әлеуметтік мәртебесін жоғалтуы және бұрынғы қалпына қайта келу мүмкіндігінен айырылуы. Ұлттың д е г р а д а ц и я ғ а ұшырау белгілері оның жат болмысындағы жағымсыз өзгерістерден байқалады (ҚҰЭ). Ал қоғамда пайда болған саясилеуметтік дағдарыстан өз бетімен шыға алмайтын және оны бірінші болып сезінетін төменгі топтың д е г р а д а ц и я ғ а ұшырау қаупі өзге топтардан жоғары (ҚҰЭ).