Декларация

lat: Deklarasıa

з а т е с і м. Қ о ғ-с а я с и. 1. Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың, елдің экономикалық-саяси даму принциптерін салтанатты түрде жариялайтын мемлекеттік құжат. Қазақ КСР-інің 1990 жылы қазанда өткен ХІІ Жоғарғы Кеңесінің отырысы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы д е к л а р а ц и я с ы н қабылдады («Ана тілі»). 2. Заңды мәні бар мәліметтерді мәлімдейтін құжат. БҰҰ Бас ассамблеясының 1948 ж. 10 желтоқсандағы Адам құқылары туралы жалпыға бірдей д е к л а р а ц и я с ы (ҚҰЭ). Осы конференцияда Араб елдерін Израйль агрессиясынан қорғау жөніндегі д е к л а р а ц и я н ы ң бір ауыздан қабылданғанын да ұмытқан жоқпыз («Соц. Қаз.»). Ташкент д е к л а р а ц и я с ы және тағы басқалар бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясаттың, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достық саясатының тамаша жемістері («Соц. Қаз.»). 3. Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша бірнеше мемлекет не халықаралық ұйым қабылдайтын құжат. Мемлекеттік қызметкерлер жыл сайын тапқан табысын, жалақысын жария етіп д е к л а р а ц и я толтырып тұруға міндетті («Айқын»), Міне, адамзат бетпе-бет келіп отырған осы қиындықтарды шешу үшін БҰҰ-ның мыңжылдықтар д е к л а р а ц и я с ы н д а, оның ішінде даму саласындағы БҰҰ-ның мақсаттары деген атпен даму жолында негізгі атқарылатын іс-қимылдарының бағыты мен кешендері анықталған («Егемен Қазақстан»), Соның ішінде салықтарды, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық төлеу, салық төлеу бойынша декларацияларды және есептерді уақтылы тапсыру, бухгалтерлік есепті жүргізудің сапасы, салықтық құқық бұзушылықтардың болмауы, салық жүктемесінің деңгейі, сол секілді жергілікті өңірдің бюджетіне қатысу нәтижесі деген талаптар ескеріледі («Егемен Қазақстан»). Д е к л а р а ц и я - елдің экономикалық-саяси даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (ҚҰЭ).